«Тіл пәндерінің үздік мұғалімі - 2024»

«Тіл пәндерінің үздік мұғалімі - 2024»
26 наурыз 2024 жылы ШҚО білім басқармасы «Өскемен қаласы бойынша білім бөлімі» ММ қаланың білім беру ұйымдарында Облыс әкімінің сыйлығына «Тіл пәндерінің үздік мұғалімі - 2024» облыстық байқаудың қалалық кезеңін бастады.
Байқаудың мақсаты: шығармашыл педагогтарды қолдау және ынталандыру.
«Тіл пәндерінің үздік мұғалімі - 2024» облыстық байқаудың қалалық кезеңіне барлығы 30 педагог қатысты. Оның ішінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен - 11, орыс тілі мен әдебиеті пәнінен - 8, ағылшын пәнінен - 11 педагог.
Байқаудың І кезеңі «Медиавизитка».
Байқау кезеңінің мақсаты: қатысушының әдістемелік құзыреттілігін анықтау, өзге тілді оқыту барысында өз тәжірибесін талдау және ұсыну.
Байқау кезеңінің форматы: қатысушының қазіргі заманауи үдерістерге сәйкес өзге тілде білім берудің тиімді әдістемелік іс - тәжірибесін ұсынуы.