2024 жылдың наурыз айында Өскемен қаласы бойынша білім бөлімі «Қолөнер сырлы өнер» облыстық байқауының қалалық кезеңін өткізді. Байқауға 24 мұғалім қатысты.
Көрме-байқауды өткізудің мақсаты: «Көркем еңбек» пәнінің мұғалімдерін қолдау және олардың шығармашылығын дәріптеу болып табылады.
Қатысушылардың жұмыстарын байқау ережесіне сәйкес қазылар алқасы бағалады. Көрме-байқаудың жеңімпаздары облыстық кезеңіне қатысуға жолдама алды. Сайыскерлерімізге сәттілік тілейміз!