2024 жылғы 26-27 наурыз аралығында Өскемен қаласының білім беру бөлімінің жоспары бойынша көктемгі Кіші академия шеңберінде 11 мектеп- лицей базасында «Алтын белгі» және Үздік аттестатқа үміткер 11-сынып түлектері үшін міндетті пәндер мен таңдау пәндері бойынша қорытынды аттестаттауға және ҰБТ-ға дайындық бойынша сабақтар өткізілді.
Сабақтарды қалалық мектептердің тәжірибелі психологтары дайындаған психологиялық тренингтен бастады.
Сабақ барысында түлектер ҰБТ пәндері бойынша тест тапсырмаларының ерекшеліктерімен танысты, логикалық есептерді шешудің түрлі тәсілдерін талдады. Осының барлығы оқушыларға ҰБТ дайындаудағы өз қызметінде алдағы қадамдарды белгілеуге мүмкіндік берді.
Оқушылардың мұғалімдермен кездесулері қолайлы, достық жағдайда өтті. Оқушылар сұрақтар қойып, талқылауға қатысып, тәжірибелерімен бөлісті.