
2024 жылдың 19 наурызында №20 Ахмет Байтұрсынов атындағы орта мектепте «Арнаулы білім беру ұйымының үздік педагогы» республикалық педагогикалық шеберлік байқауының қалалық кезеңі өтті. Байқау педагогикалық қызметтің беделін арттыру, сонымен қатар арнайы білім беру ұйымдарының үздік педагогтарының тәжірибесін тарату мақсатында өткізілді. Байқауға Өскемен қаласындағы арнайы білім беру ұйымдарынан 12 мұғалім қатысты. Қатысушылардың жұмыстарын байқау ережесіне сәйкес құзыретті қазылар алқасы бағалады. Жеңімпаздар «Арнайы білім беру ұйымының үздік педагогы» республикалық байқауының облыстық кезеңіне қатысуға жолдама алды. Сайыскерлерімізге республикалық байқаудың облыстық кезеңінде сәттілік тілейміз!