2024 жылдың 14 наурыз күні қала мектептерінің 96 оқушысы, жас бағдарламалау данышпандары № 49 жалпы білім беретін мектеп қабырғасында 10+, 14+ жас санатында бағдарламалау бойынша “SKILLS FOR GEEKS” чемпионатына қатысты. Іс - шара “Smart Еducation – Өскемен 2024” ІТ-форумы аясында өткізілді.
Төрт сағат ішінде жас зиялылар есептерді шығарып, комбинациялар мен алгоритмдерді таңдап, бағдарламалық кодтар жазды. Бағдарламалау бойынша чемпионаттың жеңімпаздары №2 және 11 орта мектептерінің командасы ІТ құзыреттіліктері бойынша “SKILLS FOR GEEKS” облыстық чемпионатына жолдама алды.