
Биыл бірінші сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылдың 31 тамызына дейін жалғасады, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.
Бірінші сыныпқа түсу үшін өтініштерді қабылдау 2024 жылдың 1 сәуірінен басталып, 2024 жылдың 31 тамызына дейін жалғасады.
Мемлекеттік білім беру қызметі egov.kz электрондық үкімет веб-порталы мен жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жүйелерінде қолжетімді.
Білім беру ұйымы қызмет көрсететін аумақта тұратын барлық балалардың қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып, алты жастағы және күнтізбелік жылда алты жасқа толатын балаларды бірінші сыныпқа қабылдауды қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік қызмет www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы және көрсетілетін қызметті беруші (білім беру ұйымы) арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1. "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне сәйкес нысан бойынша ата-аналардың немесе басқа заңды өкілдердің өтініші;
2. «Профилактикалық екпелер картасы» № 065/у нысанды және «Бала денсаулығының паспорты» № 052-2/у нысанды медициналық анықтамалар;
3. Баланың 3х4 см өлшеміндегі 2 дана цифрлық фотосуретi.