
Семинарға біліктілікті арттыру мақсатында республиканың әр өңірінің әдістемелік орталықтарының 300-ден астам өкілін жиналды. Семинарға қатысушылар екі күн қатарынан Дулат Бабатайұлы атындағы №89 мектеп-лицейінде жаңа Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартының жобасымен танысып, өз ұсыныстарын енгізеді және стандартқа енетін нормаларды фасилитацияланған сессия форматында талқылады. Сессия модераторлары Академияның ғылыми қызметкерлері болды.
Семинардың басты спикері – Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының вице-президенті Руслан Қаратабанов әдіскер кәсіби маман ретінде педагогика, психология, әлеуметтану және т.б. ғылым салаларының теориялық және қолданбалы мол білімі болуы тиіс екенін атап өтті.
Семинарға Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің қалалық әдістемелік кабинет меңгерушісі Н.Т.Капчикова қатысты. Семинар жоғары деңгейде өтті.