«Табысты бесжылдық: жасампаздық тарихы және болашаққа бағдар» тақырыбында мектеп бесжылдығының мерейтойы

«Табысты бесжылдық: жасампаздық тарихы және болашаққа бағдар» тақырыбында мектеп бесжылдығының мерейтойы

ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің "№48 мектеп-қосымша білім беру орталығы" КММ-де 29.03.2024ж. күні «Табысты бесжылдық: жасампаздық тарихы және болашаққа бағдар» тақырыбында мектеп бесжылдығының мерейтойы аталып өтілді.
♦️Шарада бес жылдағы мектептің тарихына шолу жасалып, атқарылған жұмыстар, қосымша білім беру курстарының жұмыстары таныстырылды.
✅ Жас мектебіміздің тарихы туралы жарық көрген «Білімді ұрпақ – табысты болашақ» және «Қосымша білім беру беру – жетістікке жетудің табысты жолы» атты кітаптардың тусаулары кесіліп, келген қонақтарға сыйға тартылды.
📍Салтанатты шара мектеп оқушылары мен ұстаздары дайындаған концерттік бағдарламасымен жалғасын тауып, арнайы қонақтарға мектеп директорының алғыс хаты табысталды.
💠Мерейтойға қалалық білім бөлімінің басшысы С.Б.Алагузова, білім бөлімінің әдіскерлері, қала мектептерінің директорлары мен бес жыл бойы қауымдастық жұмыс жасап жатқан колледж және жоғарғы оқу орындарының басшылары қатысты.
🔷Мектебіміздің білімі мен білігі тең, ой-өресі биік, ұлттық дәстүрге бекем ұстаздары мен олардың өнімді өнегесі мен тәлімді тәрбиесін алған шәкірттерінің әлі талай буыны білім ордасының абыройын асқақтатып, мәртебесін биіктете берері сөзсіз.