Өртте-құтқару спорты бойынша Қазақстан Республикасының IX жасөспірімдер қысқы чемпионатына қатысуы туралы

Өртте-құтқару спорты бойынша Қазақстан Республикасының IX жасөспірімдер қысқы чемпионатына қатысуы туралы
«№29 ҚББМО» КММ «Жас құтқарушы» орталығының командасы 2024 жылғы 27 ақпан мен 01 наурыз аралығында, Өскемен қаласында өткен, өртте-құтқару спорты бойынша Қазақстан Республикасының IX жасөспірімдер қысқы чемпионатына қатысты.
Жарысқа 17 жасөспірімдер командасы қатысты. Жарысқа Қазақстан Республикасының ТЖ Министрі генерал-майор Ш. С. Аринов қатысты.
Шығыс Қазақстан жастарының командасын «Жас құтқарушы» орталығының «өртте-құтқару спорты» секциясының тәрбиеленушілері құрады.
Жас спортшылар кедергілері бар жүз метрлік жолақты еңсеріп, оқу өрт мұнарасына шабуыл жасауы керек еді.
Барлық жарыстардың қорытындысы бойынша Жас құтқарушылар табанды күресте жалпы командалық 3 орынға ие болды.
Чемпионаттың салтанатты жабылуында, ТЖ министрі № 29 және № 4 мектептердің «Жас құтқарушылар» сыныбының курсанттарымен кездесті. Балалар министрге өздерінің жетістіктері туралы айтып, естелік суретке түсті. Өз кезегінде Министр балалар мен педагогтарға өмір қауіпсіздігі туралы білімді арттыру аясында атқарылып жатқан жұмыстары үшін алғысын білдірді.
Өртте сөндіру және құтқару спорты рухты, күшті, шыдамдылық пен төзімділікті тәрбиелейді. Соңғы уақытта өртте-құтқару спортын дамытуға үлкен көңіл бөлінуде. Осының арқасында жыл сайын спорттық жастар тәрбиеленетін өрт-құтқару спорт секцияларына баратын балалардың саны артып келеді.