1 наурызда ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша ББ «Жас техниктер станциясы» ҚМҚК педагогы Мухамедиева Д.А. «Негізгі орта мектеп- интернаты» тәрбиеленушілерімен 1 наурыз Алғыс айту күніне арналған «Құттықтау ашық хаты» шеберлік сыныбы өткізілді. Педагогтың жетекшілігімен шеберлік –сыныбына қатысушылар өз қолдарымен түрлі-түсті қағаздан мерекелік ашық хат жасады. Балалар оған тек шеберлік пен шыдамдылықты ғана емес, сонымен қатар талантты, қиялды және туған адамға деген сүйіспеншілікті де сала алды. Аналарға арналған әрбір ашықхаттың ішінде тілек жазылған. Шығармашылық жұмыс кезінде балалар сөйлесіп, аналары туралы айтты: олардың аты кім, олардың кәсібі қандай, олар қандай сүйікті және мейірімді екенін айтып, алғыс білдірді. Шеберлік сыныбының барлық қатысушылары көптеген эмоциялар мен жақсы көңіл-күй алды.