Шығыс Қазақстан облысының әкімі Е. Көшербаевтың бастамасымен білім басқармасы 2024 жылғы 29 ақпанда бірінші рет Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ базасында білім беру бағытындағы экскурсиялық маршруттардың анықтамалықтарын әзірлеу бойынша «Туристік білім жолы» облыстық конкурсын өткізді. Іс-шара тиімді өтті және жақсы нәтиже берді.
Конкурсқа облыстың жалпы орта және қосымша білім беру мекемелерінен жалпы саны 60-тан астам оқушы қатысты.
Байқау 2 номинация бойынша өткізілді:
1. «Менің кіші Отанымның экскурсиялық маршруттары»;
2. «Облыстың экскурсиялық маршруттары».
«Менің кіші Отанымның экскурсиялық маршруттары» номинациясы бойынша І орын ды Өскемен қаласы, «№46 орта мектебі» КММ жеңіп алды.
«Облыстың экскурсиялық маршруттары» номинациясы бойынша ІІІ орынға Өскемен қаласы, «№46 орта мектебі» КММ иеленді.
Өскемен қаласының 46 орта мектебінің командасына сенімділік пен шығармашылық табыс, жоспарланған жобалар мен жаңа жемісті идеялардың жүзеге асуын тілейміз.