2024 жылғы 29 ақпанында ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Бейіндік мектебі» КММ базасында «Білім берудегі заманауи трендтер және салауатты өмір салты мен қауіпсіздік мәдениетінің компонентерін оқу процесіне біріктірудегі мұғалімнің рөлі» өңірлік семинар-практикум өткізілді. Семинарға Өскемен қаласы мектептерінің тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасарлары мен педагогтері қатысты.
Семинар мақсаты – оқыту және тәрбиелеу процесінде «Салауатты өмір салты» компонентін интеграциялауға және орта білім беру ұйымдарында қолайлы оқу ортасын құруға бағытталған педагогтерді әдіснамалық және әдістемелік сүйемелдеу.
Семинардың теориялық бөлімінде Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының бас ғылым хатшысы Жакиянова Ж.Г. «Қазіргі мектептердегі мұғалімдердің рөлін өзгерту», «Білім алушылардың салауатты өмір салты мен тұлғалық дамуына ықпал ететін білім беру ортасын қалыптастыру», «Қарым-қатынас этикасы және ынтымақтастық» «Салауатты өмір салты компонентін оқу пәндеріне интеграциялау: тікелей және жанама интеграция» бағыттары бойынша әдістемелік сүйемелдеу жасап, салауатты өмір салтн сабақта кіріктірудің педагогикалық технологиясы мен әдістерін көрсетті.
Семинардың практикалық бөлімінде Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру мақсатында Салауатты өмір салты компонентін кіріктіре қысқа мерзімді сабақ жоспарларынын әзірлеу жұмыстары және «Идея парақшалары» бойынша топтық жұмыстар жүргізілді.
Шара соңында ұйымдастырылған рефлексияда қатысушылар өз сұрақтарына толыққанды жауап алды.