Қазақ тілі пәнінен республикалық «Жарқын болашақ» олимпиадасының қалалық кезеңі өтті

Қазақ тілі пәнінен республикалық «Жарқын болашақ» олимпиадасының қалалық кезеңі өтті

28 ақпан күні 2024 жылы «Өскемен қаласы бойынша білім беру бөлімі» ММ-нің жоспарына сәйкес «№ 19 мектеп-қосымша білім беру орталығы» КММ 7-11 сынып оқушылары арасында қазақ тілі пәнінен республикалық «Жарқын болашақ» олимпиадасының қалалық кезеңі өтті. Биылғы оқу жылынан бастап «Жарқын болашақ» олимпиадасы Қазақстан Республикасы Ағарту министрлігінің № 514 бұйрығымен жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар байқауларының тізіміне енгізілді.
Өскемен қаласының 23 білім беру ұйымдарынан 86 оқушы қатысып, оның 34-ті қалалық кезеңнің жүлдегері атанды.
«Әнші-бұлбұлдар» бағыты бойынша жүлделі орынға ие болғандар: «№46 орта мектебі» КММ-нен Сағи Алихан, «№ 11 мектеп-лицейі» КММ-нен Яковенко Таисия.
«Сөз шеберлері» бағыты бойынша жүлделі орынды жеңіп алғандар: «№46 орта мектебі» КММ-нен Русланқызы Азель, «№ 26 орта мектебі» КММ-нен Сатывалдиева Солиха.
«Бейнелеушілер» бағыты бойынша «№46 орта мектебі» КММ-нен Құдайберген Гаухар, «№14 негізгі орта мектебі» КММ-нен Злобина Светлана.
«Білгірлер бәйгесі» бағыты бойынша жүлделі орынға ие болғандар: «Ш. Уалиханов атындағы №3 мектеп-лицейі» КММ-нен Зульфиева Севинич.
«Жас қаламгер» бағыты бойынша «Абай атындағы № 33 орта мектебі» КММ-нен Көкен Жұлдыз.
Барлық педагогтар мен жеңімпаздарды құттықтай отырып, қала командасы олимпиаданың облыстық кезеңінде де жеңіс тұғырынан көрінулеріне сәттілік тілейміз!