
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Ахмер орта мектебі» КММ ата-аналарды педагогикалық қолдау бағдарламасын іске асыру мақсатында құрылған "Даналық мектебі" клубының жоспары аясында "Әжелер мектебі" қауымдастығының кезекті сабағын өткізді. Жетекшісі: Дамдыбаева Бақытгүл Маташовна. Сабақтың тақырыбы: «Әжемнің ертегісі». Мақсаты: әжелер мектебі арқылы ертегінің танымдық-тәрбиелік әлеуетін жан-жақты ашып, отбасында ертегіні тәрбие құралы ретінде қолдана білуге ықпал ету.