"Математикалық регата" атты республикалық олимпиадасының қалалық кезеңі

"Математикалық регата" атты республикалық олимпиадасының қалалық кезеңі

2024 жылғы 26 ақпанда Ш. Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейінің базасында математика мұғалімдеріне арналған "Математикалық регата" республикалық олимпиадасының қалалық кезеңі өткізілді.

Олимпиаданың мақсаты: мұғалімдердің кәсіби қызметінде жоғары нәтижелерге жетуде ұмтылысын арттыру.

Олимпиадаға Өскемен қаласы мектептерінің 46 математика мұғалімі қатысты. Бірінші орын алған олимпиада жеңімпазы облыстық кезеңге қатысады. Жеңімпаздарға сәттілік пен жеңіс тілейміз.