
«Спутник-1» БЖК-да Өскемен қаласының жасөспірімдеріне арналған «Қызықты адамдармен кездесу» жобасы аясында іс-шара өтті. Іс-шараның кейіпкері СУБКУЛЬТУРА тобының әндерінің авторы және орындаушысы, жетекшісі Евгений Ковтун болды. Іс-шараның бұл түрі балаларды қатты қызықтырды: олар қонаққа өздерін қызықтыратын сұрақтар қойып, авторлық әндердің жанды дауыста орындалуын тыңдап, сүйікті хиттерін бірігіп айтты. Евгений Ковтун өзі туралы, топ құру туралы айтып, әндерді шығару құпияларын ашып, тәжірибесімен бөлісті. Балаларға өте қызықты болды, олар әртісті қуана тыңдады. Кездесу соңында Евгений балалармен қуана суретке түсті!