«Сөз құдіреті» атты мәнерлеп оқу байқауы

«Сөз құдіреті» атты мәнерлеп оқу байқауы

20-23 ақпан аралығында «Я,ты, он, она -вместе дружная семья» жобасы аясында қалалық білім бөлімі дәстүрлі қалалық «Сөз құдіреті» атты мәнерлеп оқу байқауын өткізді. Байқауға қала мектептерінің 6 мен 18 жас аралығындағы оқушылары қатысты.Барлығы -50 оқушы қатысты. Байқаудың мақсаты – балалардың шығармашылық қабілеттері мен әлеуетін жүзеге асыру үшін оңтайлы жағдай жасау. Барлық балалар өте жақсы өнер көрсетіп шықты.
Қазылар алқасының мүшелері байқаудың қорытындысын шығарып, барлық байқау қатысушыларды қалалық білім бөлімінің мадақтамасымен марапаттауға бірауыздан шешім қабылдады. Бас-жүлде алғандар: Муратова Райана(№45 ОМ), Демидова Жулдыз(№37 ОМ), Барқыт Мейрамбек(№9ОМ). Барлық жеңімпаздар мен қатысушыларды құттықтаймыз, көптеген шығармашылық жетістіктер тілейміз!