
2024 жылдың 28 ақпанында Оқушылар шығармашылық сарайының тәрбиеленушілері «9 ай – 9 іс-шара» республикалық жобасы аясында «Оқуға құштар мектеп» республикалық челленджіне қатысты.
Балалар Мұхтар Әуезов және Антуан де Сент Экзюперидің ұлы шығармаларынан үзінділерді оқуға тамаша мүмкіндік алды. Үзінділермен таныс болғаннан кейін қатысушылар шағын викториналық сұрақтарға жауап беріп, «Абай жолы» романы мен «Кішкентай ханзада» әңгімесінің оқылған үзінділерін талқылады.
Мектеп оқушыларының осындай іс-шараларға қатысуы олардың кітап оқуға деген сүйіспеншілігін арттырып, әдеби ой-өрісін кеңейтеді.