«Лев Гумилев атындағы №38 гимназиясы» КММ Ресей Федерациясының өкілдері келді

«Лев Гумилев атындағы №38 гимназиясы» КММ Ресей Федерациясының өкілдері келді
2024 жылдың 14 ақпанында көптілді және тілдік дарындылықты қалыптастырудағы гимназия тәжірибесімен танысу мақсатында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Лев Гумилев атындағы №38 гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Екатеринбург қаласы әкімшілігінің білім бөлімінің басшысы К.В.Шевченко, «Тұңғыш Президент Б.Н.Ельцин атындағы Орал федералдық университеті» Федералдық мемлекеттік бюджеттік жоғары оқу орнының қарым-қатынастары халықаралық білім беру жөніндегі проректоры С.Г.Тушин, Ресей Федерациясы Елшілігінің вице-консулы М.Ю.Ардякова сондай-ақ «Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекеменің басшысы И.А.Чернышева келді.
Гимназия мұғалімдері лингвистикалық коммуникативті құзіреттілік гимназияда аудиториялық және сыныптан тыс тілдік жұмыстар, мектептегі қазақ, орыс, ағылшын, француз тілдеріндегі үйірмелер жұмысы, кіріктірілген сабақтар мен сыныптан тыс шараларды ұйымдастыру және өткізу арқылы қалыптасатынын айтты. Біз «Мамандықтар әлемі» жазғы лингвистикалық мектебінің бағдарламасымен, «Іскерлік қарым-қатынасқа арналған ағылшын тілі», «Аударма қызметінің негіздері», «Экономика және қаржылық сауаттылық негіздері», « Ұлыбританияның елтанулары», «АҚШ елтанулары», сондай-ақ ағылшын тіліндегі «BEES: Best Energetic English Speakers» атты гимназия жобасы, гимназияның авторлық бағдарламаларының ерекшеліктерімен таныстырдық.
Біз келген қонақтарға француз тілін екінші шет тілі ретінде енгізудің ерекшеліктері туралы таныстырдық. Спорт жеңімпаздары черлидингтен халықаралық және республикалық деңгейдегі спорттық жеңістерін таныстырды, сонымен қатар оқушылар қонақтарды қазақ халқының ұлы ақыны, аудармашы Абай Құнанбаевқа арналған көрмемен таныстырып, «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін оқыды.
Мектеп бойынша экскурсия жасалып, соңында орыс тілі мен әдебиеті апталығына шолу жаүргізілді. Кіріктірілген сабақтар бағдарламасы, лингвистикалық челлендж және «Тіл – халықтың жанды жаны» ақпараттық қабырғасымен танысу ұсынылды.
Кездесу танымдық және қызықты өтіп, тәжірибе алмасуға және гимназия мен Орал федералды университеті арасындағы байланысты нығайтуға ықпал етті.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
и ещё 5
 
 
Все реакции:
Gaukhar Zhumanova, Светаш Александр и ещё 6