Ауған соғысы ардагерлеріне арналған концерттік бағдарлама ұйымдастырылды

Ауған соғысы ардагерлеріне арналған концерттік бағдарлама ұйымдастырылды

Жаңа-Ахмер қалашығындағы 27943 әскери бөлім және ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Ахмер орта мектебі» КММ арасындағы меморандум аясында әскери бөлім мекемесінде Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылуына 35 жыл толуына орай ауған соғысы ардагерлеріне арналған концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Мектеп оқушылары іс-шараға қатысып, өнерлерін көрсетті. Ауған соғысы ардагерлерімен болған кездесу оқушыларды патриоттық сезімге бөлеп, Отан алдындағы парыз ұғымын ұғынуға ықпал етті.