2024 жылдың 13 ақпанында «Өскемен қаласы бойынша білім беру бөлімі» ММ жоспарына сәйкес, Ахмет Батұрсынов атындағы №20 орта мектебінде Дәуірдің дара ұстазы Қ.О. Бітібаеваның қазақ тілі мен әдебиетінен республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі өткізілді.
Олимпиаданың қалалық кезеңінде қазақ мектептерінің 9-11 сынып оқушылары қатысты. Олимпиада екі кезеңнен тұрды. I кезеңде оқушылар оқу бағдарламасы бойынша эссе жазса, II кезеңде сұрақтарға жауап берді.
Олимпиадаға барлығы 40 оқушы қатысты.