Встреча с композитором Абишевым Т. А.

Встреча с композитором Абишевым Т. А.

2024 жылдың 14-ақпан күні қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен "Әншуақ" қазақ тіліндегі балалар әндерінің республикалық фестиваліне дайындық аясында "Оқушылар шығармашылық сарайы" КМҚК қосымша білім беру мекемелерінің вокал, хор бағыты бойынша педагогтарына арналған ШҚО композиторы Абишев Талғат Асылхановичпен кездесу өтті. Кездесу барысында композитор шығармашылығы, музыка әлеміне келу тарихы жайлы әңгімелеп берді. Сонымен қатар өзі жазған әндер жинағымен таныстырып, біраз әндерін орындап та берді. Қатысушылар түрлі сұрақтарына жауап алып, кездесу соңында композиторға мәнді, мазмұнды кездесу үшін алғыс айтып, жылы тілектерін білдірді.