Садақ ату-ұлттық ойындардың бірі. Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің "Ахмер орта мектебі" КММ дене шынықтыру, еңбекке баулу, музыка пәндері апталығы аясында мектеп директоры Қапжапаров А.З. ұйымдастыруымен білім алушы жастар арасында ұлттық ойындарды насихаттау мақсатында "Керемет" садақ ату орталығының қызметкерлері шақырылды. Жаттықтырушылар 5,6-сынып оқушыларына, мектеп педагогтарына тәжірибе сабақ өткізді. Оқушылар, ұстаздар садақ ату өнеріне машықтанды.