Ұлтаралық негізде жасөспірімдер ортасында жанжалдардың алдын алу бойынша өткізілген вебинар

Ұлтаралық негізде жасөспірімдер ортасында жанжалдардың алдын алу бойынша өткізілген вебинар
2024 жылғы 7 ақпанда сағат 15.00-де «Өскемен қаласы бойынша білім бөлімі» ММ Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл, ұлтаралық негіздегі жасөспірімдер ортасындағы жанжалдардың алдын алу жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны іске асыру мақсатында қала педагогтері мен ата-аналар үшін «Этносаралық негізде оқушылар арасындағы жанжалды жағдайларды уақтылы анықтау бойынша іс-қимыл алгоритмі» тақырыбында онлайн-вебинар өткізді.
Вебинарда этносаралық негіздегі жасөспірімдер ортасындағы жанжалдардың алдын алу және анықтау жөніндегі нормативтік, заңнамалық актілер, іс-қимыл алгоритмі түсіндірілді.
Іс-шараға қоғамдық даму басқармасының мамандары да қосылды.
Вебинарға барлығы 100 адам қатысты.