Өскемен қаласының Құрметті азаматы, интернационалист жауынгер Шаров Владимир Ивановичті еске алуға арналған Өскемен қаласы мектептерінің оқушылары арасында пневматикалық мылтықтан ату турнирі.
2024 жылғы 09 ақпанда ШҚО білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің "№24 орта мектебі" КММ-де Өскемен қаласының Құрметті азаматы, интернационалист жауынгер Шаров Владимир Ивановичті еске алуға арналған Өскемен қаласы мектептерінің оқушылары арасында пневматикалық мылтықтан атудан қалалық турнир өтті. Турнирге 42 мектеп қатысты. Турнир қонақтары ауған соғысының ардагерлері, Ауған соғысы ардагерлері кеңесінің мүшелері, ШҚО білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің әдіскері В. А. Храмцов болды. Турнир қонақтары мен қатысушылар мектептің жас кадеттері орындаған әсем әуендік шағын концерттік бағдарламасын тамашалады. Турнир қорытындысы: 1 орын - № 33 мектеп, 2 орын - №6 мектеп, 3 орын - №3 мектеп.