5-6 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиада өткізілді

5-6 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиада өткізілді
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының 2024 жылғы 26 қаңтардағы «2023-2024 оқу жылында 5-6 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу туралы» бұйрығына және жоспарына сәйкес Өскемен қаласы білім бөлімінің 2024 жылғы 1-2 ақпанда «№30 жалпы білім беретін мектебі» КММ базасында 5-6 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиада өткізілді.
Олимпиаданың мақсаты – оқушылардың алған білімдерін бағалау және оны іс жүзінде қолдана білу, оқу процесінде алған білімдерін тереңдету және бекіту, өзіндік ынтасын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Олимпиадаға Өскемен қаласының білім беру ұйымдарынан 5-6 сыныптардың 562 оқушысы қатысты. Олимпиаданың нәтижесінде 240 қатысушы олимпиада жеңімпазы атанды, оның ішінде бірінші орын алған 20 оқушы олимпиаданың облыстық кезеңінде командамызды қорғайды. Жеңімпаздар мен олардың ұстаздарын жеңістерімен құттықтап, облыстық кезеңде табысты өнер көрсетулеріне тілектеспіз!