Сәтті сұхбаттасудың құпиялары» тақырыбында іскерлік ойын өтті

Сәтті сұхбаттасудың құпиялары» тақырыбында іскерлік ойын өтті

2024 жылдың 6 ақпанында Оқушылар шығармашылық сарайында «PROFI ART» кәсіптік бағдар беру жобасы аясында «Сәтті сұхбаттасудың құпиялары» тақырыбында іскерлік ойын өтті. Ұйымдастырушылар осы мәселені оқытудың 2 бөлімін дайындады: біріншісі – теориялық, онда «сұхбаттасу» ұғымы егжей-тегжейлі ашылды және жұмыс берушінің «қиын» сұрақтарына қалай әрекет етіп және қалай жауап беру керектігі туралы құнды кеңестер берілді. Екінші бөлімде ойыншылар, орта мектеп оқушылары өздерінің актерлік шеберліктерін көрсетіп, өздерін жұмыс беруші және жұмысқа орналасуға үміткер ретінде сынап көрді.
Қатысушылар ұсынылған тақырыпқа қызығушылық танытты және болашақта өздеріне пайдалы болатын белгілі бір білім багажын ала отырып, бағдарламаның практикалық бөлігіне белсенді қатысты.