«ҮЗДІК ТОП - 2024» сайысы

«ҮЗДІК ТОП - 2024» сайысы
«02» ақпан 2024 жылы ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің №5 «Арай» балабақша-бөбекжайы КМҚК «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асыру жолында ұйымдастырылған бақшаішілік «ҮЗДІК ТОП - 2024» сайысының қорытынды кезеңін өткізді.
Бұл кезеңнен күтілетін нәтиже: тәрбиешілер өз топтарының атауларынның шығу тегіне түсініктеме бере отырып, бүгінгі күн талабына сай мектеп жасына дейінгі балалардың өмірлік дағдыларын дамытуға бағытталған түрлі ойындардың жасалу жолдарын көрсету.
Қорытындылай келе сайыстың үздіктері анықталып, марапатталды.
«Балдырған» кіші тобы - «Шебер топ»
«Балапан» тобы «Шығармашыл топ»
«Шие» мектепалды даярлық тобы «Өнерлі топ»
«Ботақан» ересек тобы «Ізденімпаз топ»
«Бәйшешек» ересек тобы «Жаңашыл топ»
«Құлпынай» кіші тобы «Ұйымшыл топ» номинациясы бойынша «Мадақтамамен» марапатталса, «Үздік топ-2024» сайысының ІІІ орындарын «Түймедақ» ортаңғы және «Аққу» ересек топтары ие болды.
«Үздік топ-2024» сайысының ІІ орынын «Өрік» мектепалды даярлық тобы, «Үздік топ-2024» сайысының І орынын «Аққайын» мектепалды даярлық тобы жеңіп алды.
Бәйгеден басып озған «Қызғалдақ» мектепалды даярлық тобы «Үздік топ-2024» сайысының «Бас жүлдесін» қанжығаларына байлады.
Кәсіби біліктіліктері мен шығармашылықтары жағынан тоқтаусыз ізденіс үстінде жүретін біздің тәрбиешілеріміз бұл сайыстада жоғары дайындықпен келіп, бала тәрбиесіндегі ұтымды әдістерімен бөлісе білді.
Сайыстың бұл кезеңіне бақшаішілік қамқорлық кеңесі мүшелері де қатысып, пікір алысты
Құрметті №5 «Арай» балабақша-бөбекжайының тәрбиешілері!
Алдағы уақытта еңбектеріңізге жеміс, қажырлы еңбек және дендеріңізге саулық тілейміз. Әрқашан ауызбіршілікте атқарған жұмыстарымыз жеңісін көрсетсін.