2024 жылы 1 ақпан күні Өскемен қаласының мектеп директорлары Астана қаласында өткен "ЗАМАНАУИ МЕКТЕПТІ БАСҚАРУ: ТРЕНДТЕР ЖӘНЕ КЕЛЕШЕК" мемлекеттік мектеп директорларының форумына қатысты. Аталған форумда балалардың құқықтарын қорғау және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің өзекті мәселелері, PISA-2022 нәтижелері және алдағы басымдықтар, орта білім беру мәселелері, білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының бірыңғай бағдарламасын жүзеге асыру, инклюзивті және арнайы білім беру мәселелері талқыланды.