
Қалалық білім бөлімінің жоспарына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Заки ахметов атындағы № 16 орта мектебі» КММ базасында жаратылыстану пәні мұғалімдеріне арналған «Модельдеу әдісі арқылы оқушылардың креативті ойлау қабілеттерін дамыту» тақырыбында қалалық семинар өткізілді. Семинар модераторы білім бөлімінің әдіскері Капчикова Нургуль Тлеубековна қатысушыларға алғы сөз айтып, семинардың мақсаты мен бағдарламасымен таныстырды. Семинар барысында химия, биология, география пәні мұғалімдері пәннің ерекшеліктеріне байланысты модельдеу әдісін тиімді пайдалану жолдарын көрсетіп, іс-тәжіриелерімен бөлісті.