Қазақстан Ұлттық ЮНЕСКО Клубтары Федерациясының ШҚО-дағы Аймақтық өкілдігінің бастамасымен «Жылды жақсылықтан баста» рекспубликалық акциясы ұйымдастырылды. Сонымен, 31 қаңтарда Оқушылар шығармашылық сарайында «Біз басқаша - біз теңбіз» жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі балалар және қала мектептерінің түзету сыныптарына арналған «Қыс қызықтары» концерттік-ойын бағдарламасы өтті.
Іс-шараға ерекше қажеттіліктері бар балалар оқитын қаламыздың барлық мектептері мен ұйымдары қатысты. Бағдарлама көңілді ойын сәттерімен және сарай тәрбиеленушілерінің шығармашылық номерлерімен қанықты.
Бұл іс-шара мүмкіндігі шектеулі балалармен қала мектептерінің түзету сыныптары оқушыларының қолайлы эмоционалды жағдайына және әлеуметтік белсенділігіне оң ықпал етті.