«Өз ойыныңмен бөліс» немесе «Әрқашан өзіңмен бірге болатын ойын» атты идеялар калейдоскопы

«Өз ойыныңмен бөліс» немесе «Әрқашан өзіңмен бірге болатын ойын» атты идеялар калейдоскопы
«Өз ойыныңмен бөліс» немесе «Әрқашан өзіңмен бірге болатын ойын» атты Өскемен қаласының мектепке дейінгі ұйымдары балаларының ата-аналары үшін білім бөлімі идеялар калейдоскопын ұйымдастырды.
Мақсаты: балаларды бос уақытында шығармашылыққа баули отыра, балалар мен ата-аналар қарым-қатынасын барынша жақсарту, ата-аналар мен олардың балалары арасындағы қарым-қатынаста жағымды эмоционалды байланыс орнату.
«Мектепке дейінгі балалар» педагог-психологтарының шығармашылық тобы құрамында сараптамалық комиссия ұсынған ойындардың әзірлемелерін қарау және талқылау бойынша белсенді жұмыс жүргізілді. Байқау аясында жүлделі орындар мен номинациялар қарастырылған: «Ең кішкентай ойын», «Көрермен көзайымы», «Ең қызықты ойын», «Ең керемет ойын», «Барлық жасқа сай ең жақсы ойын» және т. б. 100-ден астам ата-аналар қатысып, әртүрлі, қызықты және ерекше ойындарды ұсынды.
Мектепке дейінгі ұйымдар арасында ең белсенді қатысушылар «№ 4 «Сәулетай» балабақша-бөбекжайы» КМҚК және «№ 62 арнайы балабақшасы» КММ-ден болды.