
25 қаңтарда жұмыс сапарымен Вице-консул, Өскемендегі Росынтымақтастық өкілі А.А.Дяченко және педагогика ғылымдарының докторы, "Ашық ғылым орталығының" ғылыми-білім беру кеңесінің төрағасы, білім және мәдениет саласындағы Халықаралық байланыстар жөніндегі өкілі А.В.Ахаев №1 балалар музыка мектебінде болды. Кездесу барысында: «Балалар музыка мектебі - инновациялық білім беру кеңістігінде оқушыларды әлеуметтендіру саласы ретінде» жинағының тұсаукесері болды (ЮНЕСКО клубы, Өскемен қаласы, «№1 балалар музыка мектебі» КМҚК жұмыс , тәжірибесін жинақтау) және кездесуге қатысушылар арасындағы ынтымақтастықтың келешегі туралы ашық диалог өтті.