«Қысқы жағдайдағы іздестіру - құтқару жұмыстары» балалар жарысы

«Қысқы жағдайдағы іздестіру - құтқару жұмыстары» балалар жарысы
«№29 қосымша білім беру мектеп орталығы» КММ «Жас құтқарушы» орталығы ШҚО ТЖД құтқарушыларымен бірлесіп «Қысқы жағдайдағы іздестіру - құтқару жұмыстары» балалар жарысын ұйымдастырды.
Жарыс бағдарламасы бірнеше жарыстардан тұрды. Жарысқа барлығы 80-нен астам оқушы қатысты.
Барлығы нағыз құтқарушылар сияқты жарысты. Оқушыларға 30 метрлік шаңғы қашықтығынан өтіп, жәбірленушіге «кокон» жасап, оны қауіпсіз жерге тасымалдау керек болды. Келесі кезең жер бедеріне бағдарлау. Содан кейін жас құтқарушылар пневматикалық мылтықтан нысанаға түсіп, мұз өткелінен өтуі керек еді.
Қиын күрестің нәтижесінде жеңімпаздар былайша бөлінді: бірінші орынды №29 және № 16 мектептердің жас құтқарушылары, екінші орынды №42 мектеп оқушылары, үшінші орынды №1 және 22 мектеп командалары иеленді.
«№29 қосымша білім беру мектеп орталығы» КММ