2024 жылдың 26 қаңтарында Оқушылар шығармашылық сарайының тәрбиеленушілері «9 ай – 9 іс-шара» жобасы аясында «Қазақ Есебі» республикалық байқауына қатысты.
Балалардың логикалық-математикалық ойлауын, төзімділігін дамытуға ықпал ететін қазақтың ұлттық ойыны «Тоғыз құмалақ» ойынын ойнауға тамаша мүмкіндік туды. Бұл процесте қатысушылар осы қызықты ойынның терең философиялық әлеміне толықтай еніп кетті.
Осындай іс-шараларға үйірме мүшелерінің қатысуы өскелең ұрпаққа игі ықпалын тигізіп, еліміздің жарқын болашағын бірге жасауға ынталандыратыны сөзсіз!