«Practice makes perfect» танымдық қайталау сабағы

«Practice makes perfect» танымдық қайталау сабағы
24 қаңтарда «ШҚ халқының тілдері мен мәдениетін түлету мектебі» КММ ағылшын тілі мұғалімі Н.Ж. Қадылбекова «Practice makes perfect» танымдық қайталау сабағын өткізді. Сабақтың мақсаты: оқушыларды ағылшын тіліндегі грамматика мен жазбаша тапсырмаларды сәтті орындауға дайындау үшін жағдай жасау болды. Сондай-ақ, тапсырмаларды орындау кезіндегі қиындықтарды анықтап, оларды жоюдың әртүрлі әдістері мен құралдары ұсынылды және материалды игеру деңгейі бағаланды. Сабақ барысында оқушылардың грамматика мен лексика саласындағы білімдері тексеріліп, өткен материалдарды қайталау болды.