Білім бөлімімен ШҚО білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№49 жалпы білім беретін мектебі» КММ базасында «Мектептегі дарынды оқушылардың жобалық қызметін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу» тақырыбы бойынша Өскемен қаласы мектептерінің педагог-психологтарына арналған шеберлік сағаттар секциясы өткізілді.
Мақсаты: зияткерлік және шығармашылық қызметтің әртүрлі салаларында дарынды балаларды толыққанды дамыту және қолдау үшін қолайлы психологиялық-педагогикалық жағдайларды кеңейту.
Аталмыш іс-шараға С. Аманжолов атындағы ШҚУ КЕАҚ Психология және түзету педагогикасы кафедрасының оқытушысы Д. М. Есимханова қатысты. «Дарынды балалармен жұмыста диагностиканы қолдану», «Білім беру процесінде дарынды балалармен жобалық қызметте педагог-психолог жұмысының нысандары, әдістері мен тәсілдері» мәселелері қарастырылды. Шара соңында дарынды балалармен жұмыста пайдалану үшін ұсыныстары бар буклеттер таратылды.
Іс – шараны өткізуге Өскемен қаласы мектептерінің педагог – психологтар қауымдастығының «Дарындылық» шығармашылық тобының педагог – психологтары белсенді қатысты: А.С. Жомартова (№19 ОМ), А. Т. Хизина (№43 ОМ), М. А. Крыкбаева, Ж. Е. Ерімбекова (№44 ОМ), М.Елемес (№48 ОМ), Л.Е. Татикова (№11 мектеп – лицей), А.Б. Алибекова, Г. Д. Васильева (№34 мектеп – лицей), Ф. А. Сейтхазина, Н. К. Бердігожаева, (Ахмер орта мектебі), Н.Т. Байжуманова (№49 ОМ).
Педагог-психологтарға дарындылық бойынша жұмыста мектеп педагог-психологтарына айтарлықтай көмек көрсете алатын диагностика блогы ұсынылды.