"Мектеп жасына дейінгі балалардың зерттеу қызметін интеграциялай отырып орыс тілінде оқытатын топтарда қазақ тілін үйрену» атты семинары

"Мектеп жасына дейінгі балалардың зерттеу қызметін интеграциялай отырып орыс тілінде оқытатын топтарда қазақ тілін үйрену» атты семинары
2024 жылдың 25 қаңтарында «Өсу нүктесі» жобасын іске асыру шеңберінде – ШҚО ББ «Дарынды балаларға арналған валеологиялық мамандандырылған мектеп-кешені» КММ және ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 96 балабақша» КМҚК бірлесіп, "Жобаны бірлесіп іске асыру" диалог алаңы түрінде "Әдістемелік шеберхана "Мектеп жасына дейінгі балалардың зерттеу қызметін интеграциялай отырып орыс тілінде оқытатын топтарда қазақ тілін үйрену» атты семинарын өткізді.
«№96 балабақша» КМҚК тәрбиеленушілері, қазақ тілі оқытушысы Калигожина Жанар Мухтаркановнаның жетекшілігімен «Рукавичка» ертегісі бойынша театрландырылған қойылым арқылы қазақ тілін меңгеру тәжірибесін көрсетті.
Ахаева Наталья Васильевна – ШҚО ББ «Дарынды балаларға арналған валеологиялық мамандандырылған мектеп-кешені» КММ директоры, жобаны жүзеге асыру жоспарымен таныстырып, мектеп жасына дейінгі балалардың ғылыми-зерттеу іс-әрекеті бойынша шеберлік сыныбын көрсетті.
Семинарға Өскемен қаласының № 10, 96, 80, 103 балабақшаларының педагогтері және қазақ тілі пәнінің оқытушылары қатысты.
Семинар қорытындысы бойынша мектеп жасына дейінгі балалардың зерттеу қызметін интеграциялай отырып, орыс тілінде оқытатын және тәрбиелейтін топтарда мемлекеттік тілді оқыту жөніндегі жобаны іске асыру жоспары әзірленіп, қабылданды.