Қала мектептерінің директорларымен білім бөлімі басшысының жанындағы кеңес өткізілді

Қала мектептерінің директорларымен білім бөлімі басшысының жанындағы кеңес өткізілді
Ағымдағы жылдың 25 қаңтар күні қала мектептерінің директорларымен білім бөлімі басшысының жанындағы кеңес өткізілді. Жиналыста төмендегі мәселелер талқыланды: 1. 2023-2024 оқу жылының 1 жартыжылдығының қорытындысы бойынша оқушылар қозғалысы, білім сапасы бойынша талдау;
2. Негізгі халықаралық зерттеу «PISA-2022», PISA-baset Test for Schools, ББЖМ: сыртқы бақылау қорытындылары;
3. ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету Комитеті білім беру ұйымдарына кешенді мониторинг жүргізу критерийлері туралы, білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын сақтау.
Аталған сұрақтар бойынша білім сапасының теріс динамикасы бар мектеп директорларының есебі тыңдалды, кешенді мониторинг жүргізу бойынша барлық заңнамалар талқыланды.
Сонымен қатар, жиналыс барысында мектеп директорларын оқушылар қауіпсіздігін күшейту, еңбек тәртібін қадағалау, спорт секцияларын өткізу бойынша бірқатар тапсырмалар берілді.