24 қаңтар күні ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің жоспарына сәйкес «Мен, сен, ол – барлығымыз бір отбасымыз» жобасының аясында №19 МҚББО КММ базасында директорлардың ОІ жөніндегі орынбасарлары мен қосымша білім беру педагогтарына арналған «Педагог, ата-ана, бала және қоғам арасында инклюзивті білім берудегі өзара іс-қимыл формалары» тақырыбында шығармашылық зертханасы өз жұмысын жүргізді.
Кездесу барысында мүгедектігі бар балалардың бейімделуіне қалай көмектесуге болады деген жалпы сұрақтардан бастап бұған дейін ЕБҚ бар балалар білім алмаған мекемелердің жылдық жоспарына инклюзивті білім беру үшін жағдай жасаудың іс-шараларын енгізу сияқты нақты сұрақтарға дейін көптеген мәселелер талқыға салынды.
Іс-шараның модераторлары білім беру бөлімінің әдіскері Тюлюкова Ж.Н. мен №19 МҚББО КММ бейін жөніндегі директордың орынбасары Кравченко В.В. болды.
Шығармашылық зертхана жұмысының барысында дәстүрлі ауызша баяндамалармен қатар педагогтар шеберлік сыныптары мен сұхбат алаңдарына қатысты. Инклюзивті үрдістегі ата-ананың роліне қатысты мәселеге басты назар аударылды.
Шығармашылық зертхана жұмысының материалдары бойынша қолда бар атқарымдарды жариялау және инклюзивті оқыту тәжірибесінің мәселелері бойынша қосымша білім беру ұйымдарымен өзара қарым-қатынасты жалғастыру туралы шешім қабылданды.