
«№3 «Балбөбек» балабақша-бөбекжайы» КМҚК-да «Ульбиночка», «Непоседы» орыс тілінде оқытылатын мектепалды даярлық топтарында ұйымдастырылған іс-әрекеттердің ашық көрсетілімдері өтті. Балабақша мен мектеп арасындағы сабақтастық аясында №26 мектептің бастауыш сынып мұғалімдері қарауға шақырылды. Сабақ барысында балалар бірінші жартыжылдықта бағдарламалық материалды игеру деңгейін көрсетті. Әріптес-мұғалімдер оқушылардың мектепте әрі қарай оқуға сапалы дайындығы үшін алғыстарын білдірді.