«Білім алушыларды «Қазақ тілі», «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндерінен 5, 6, 7, 8, 10 - сыныптарда аралық аттестаттау» атты семинар

«Білім алушыларды «Қазақ тілі», «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндерінен 5, 6, 7, 8, 10 - сыныптарда аралық аттестаттау» атты семинар
2024 жылдың 17 қаңтарында «Білім алушыларды «Қазақ тілі», «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндерінен 5, 6, 7, 8, 10 - сыныптарда аралық аттестаттау» атты тақырыпта ШҚО ББ «Өскемен қаласы бойынша білім бөлімі» ММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің әдіскері З.С.Скакова қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері үшін қалалық семинар өткізді.
​Семинар барысында әдіскер З.С.Скакова аралық аттестаттаудың мақсаты мен міндеттеріне, негіздемеге, үлгілік оқу бағдарламасымен байланысына, емтихан мазмұнына, аралық аттестаттау тапсырмасы мазмұнының сипаттамасына, эсседегі тапсырмалардың қиындығы мен білімді тексеру тапсырмасының формасына, білімді тексеру тапсырмаларын орындау уақыты мен білімді тексеру тапсырмалары мен жалпы жұмысты бағалауға, аралық аттестаттау тапсырмаларының үлгілері мен балл қою кестесіне нақты тоқталып өтті.
​Семинар соңында мұғалімдер диалогтік алаң өткізіп, емтихан барысында кездесетін қиыншылықтармен қалай жұмыс істеу керектігіне тоқталып, пікір - талас ұйымдастырды.