«Білім алушыларды қорытынды аттестаттауға дайындау кезінде цифрлық технологияларды қолдану. Тарих мұғалімдерінің жұмыс тәжірибесінен» атты тәжірибеге бағытталған семинар

«Білім алушыларды қорытынды аттестаттауға дайындау кезінде цифрлық технологияларды қолдану. Тарих мұғалімдерінің жұмыс тәжірибесінен» атты тәжірибеге бағытталған семинар
«Өскемен қаласы бойынша білім бөлімі» ММ жұмыс жоспарына сәйкес 2024 жылғы 17 қаңтарда «№ 30 жалпы білім беретін мектеп» КММ базасында «Білім алушыларды қорытынды аттестаттауға дайындау кезінде цифрлық технологияларды қолдану. Тарих мұғалімдерінің жұмыс тәжірибесінен» атты тәжірибеге бағытталған семинар өтті.
Семинардың мақсаты: Цифрлық технологиялар арқылы қорытынды аттестаттаудың дайындығына қатысты педагогтердің ақпараттық өрісін кеңейту.
Семинар аясында тарихи білім беру сапасын арттыру құралдарының бірі ретінде оқушылардың негізгі құзыреттіліктеріне мониторинг және диагностика жасау, қорытынды аттестаттауға дайындық кезінде цифрлық технологияларды қолдану, қосымша білім беру ресурстары арқылы бітіруші сынып оқушыларын даярлау, қорытынды аттестаттауға 11 сынып оқушыларын дайындау бойынша бейнеконсультацияны және күрделі тақырыптарды талдау мәселелері қаралды.
Семинарға 63 педагог қатысты.