Қозғалыс жас инспекторлары жұмысын белсендету мақсатында «Aq jol» балалар-жасөспірімдер клубында ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№24 орта мектебі» КММ және «№26 орта мектебі» КММ оқушылары үшін оқыту мастер-класс өткізілді.
Іс-шара аясында оқушылар өзара балалардың жол-көлік жарақатын алдын алу бойынша жұмыс тәжірибесімен алмасуға мүмкіндік алды.