
Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны іске асыру мақсатында қоғамдық даму басқармасы 2024 жылғы 15 қаңтар мен 31 қаңтар аралығында қала мектептерінде «Деструктивті діни ағымдарға контактісіз тарту әдістері» тақырыбында дәріс өткізеді. Дәріс 9 сынып оқушыларына өткізілуге көзделген. Жоспарланған аудитория 3654 адам. Дәрістің қорытындысы бойынша оқушылар мен ата-аналарға арналған ақпараттық жадынама қалыптастыру жоспарлануда.