«Қазақ тілі пәнінен 5 - 8, 10 сыныптарға арналған аралық бақылау емтихандарын өткізу» қалалық семинар

«Қазақ тілі пәнінен 5 - 8, 10 сыныптарға арналған аралық бақылау емтихандарын өткізу» қалалық семинар
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Қазақ тілі пәнінен 5 - 8, 10 сыныптарға арналған аралық бақылау емтихандарын өткізу» барысы жайлы семинар болып өтті. Семинарға қала мектептерінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдері қатысты.
​«2023 - 2024 оқу жылынан бастап негізгі орта, жалпы орта білім беру деңгейінде емтихан тапсыру туралы», «Қазақ тілі пәні бойынша аралық емтиханға дайындық барысы (5 - 8, 10 сыныптар)»,
​«Оқушылардың айтылым дағдысы бойынша олқылықтарының орнын толықтыру және емтиханға дайындық жұмыстары», «Оқушыларды оқылым дағдысы бойынша емтиханға дайындауда қолданылатын креативті әдіс- тәсілдер», «Оқушыларды жазылым дағдысы бойынша емтиханға дайындау жұмыстары», «Емтиханға дайындық бойынша тыңдалым дағдысын қалыптастырудың тиімді әдіс - тәсілдері» атты тақырыптармен қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімдері И.А.Ибатаева, Б.А.Табиева, И.К. Меткенова, Б.Г.Ибраимова, Г.Ж.Ибрагимова өз тәжірибелерін ортаға салса, «Қазақ тілі пәні бойынша аралық емтиханға дайындық барысы (5 - 8, 10 сыныптар)» атты тақырыпта № 35 мектеп мұғалімдері С.У.Боккутова, Т.К.Дюсупова өздерінің аралық бақылауға байланысты жазған жинақтарын талдап берді.
Семинарда жан - жақты пікірталастар өткізіліп, қала мектептерінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері өз ойларын ортаға салды.