Мерекелік іс-шара барлық қатысушыларды қызықтыратын жарыстар, ойындармен өтті. Балаларды ертегі кейіпкерлері қарсы алып, балаларға ұмытылмас эмоциялар мен тамаша көңіл-күй сыйлады.
Келесі кезекте Аяз ата мен Ақшақар әдемі аттар сүйреген шанамен балаларға дейін жетіп, барлығын өз үйлеріне шақырды. Онда дәмді шай ішіп, Аяз атаға жазған хаттарын тапсырды. Белсенді ойындардан кейін сыйлықтарға, жаңа жылда бақыт пен сәттілік тілеу уақыты да келді.