«ШҚО білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім бөлімі» КММ «Алтын дән» балабақшасында 12.01.2024 ж. «№29 ҚББМО» КММ «Жас құтқарушы» орталығының педагогтары балалармен «Қыс деген не және қысқы қауіпсіздік ережелері қандай» атты балалармен ойын-сауық-танымдық сабақ өткізді.
Қауіптің ықтимал көздерімен таныстыру мақсатында «Жас құтқарушы» орталығының педагог-ұйымдастырушысы балаларға қыс мезгіліндегі қауіпсіздік ережелері туралы айтып берді. Балаларға жарақаттанудың алдын алу үшін қыста қандай ережелерді сақтау керектігін ойын түрінде түсіндірді. Дәл осы жаста балалар жаңа ережелерді жақсы меңгереді және ойнап, барлық тапсырмаларды орындауға тырысады.
Әңгімелесу барысында балалар қыс мезгілінде қандай қауіпсіздік ережелерін білетіндерін айтып берді, балабақшаның барлық тәрбиеленушілері қызықты әңгімеге белсенді қатысты.
Балалармен бірге қыстың қауіпсіздік ережелері туралы бейне материалдарды көріп, балалармен әңгімелесу қорытындысы жасалды. Сондай-ақ, қыста қауіпсіздік ережелері туралы мультфильмді қарады. Дәстүр бойынша, сабақ көңілді «нотамен», би ролигімен аяқталды, онда музыкаға би қимылдары көңілді және тату қайталанды.Балаларға мұндай сабақтар өте ұнайды және бұл жұмысты «№ 29 ҚББМО» КММ «Жас құтқарушы» орталығы әрі қарай жалғастыра береді.