Қысқы каникул кезінде іс-шаралар өтті

Қысқы каникул кезінде іс-шаралар өтті
ШҚО білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің "Жұлдыз" балалар өнер мектебінде 2023 жылғы 29 желтоқсаннан 2024 жылының 7 қаңтарға дейінгі қысқы каникул кезеңінде 56 іс-шара өткізілді, жалпы 2000 бала қамтылды. Негізгі мақсат: оқушылардың қажеттіліктері мен мүдделерін ескере отырып, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру.
Демалыс кезеңінде жұмыс барлық бағыттар бойынша жүргізілді, өнер мектебінің педагогтары танымдық, ойын, спорттық және ойын-сауық іс-шаралары өткізілді. Мұғалімдер демалыс кезінде оқушылардың бос уақытын қызықты және пайдалы етуге тырысты.