«№ 29 ҚББМО» КММ «Жас құтқарушы» орталығының2023 2024 оқу жылының қысқы демалыстарында балаларды тіршілік қауіпсіздігі негіздерімен таныстыру және оқыту бойынша бірқатар іс-шаралар өткізді. Іс-шараларға № 1,10,16,35,19, 26, 36,37,39. мектептерден 140 бала қатысты.
Бірінші кезекте жас құтқарушылар жасақтары шұғыл медициналық көмек және Апаттар медицинасы орталығына барды. Орталықтың қызметкерлері нұсқаушы-оқытушылар балаларға таныстыру экскурсиясын ұйымдастырып, төтенше жағдайларда алғашқы көмек көрсету бойынша оқыту шеберлік сыныптарын өткізді.
ШҚО ТЖД Кинологиялық орталығында балалардың ерекше эмоцияларын тудырды. Жедел-құтқару жасағында балалар кинологтардың жұмысымен танысты, құтқару иттерімен танысты, сондай-ақ заманауи құтқару техникасын көріп таныды.
Дәстүрлі түрде балаларды тағы Өскемен қаласының № 6 өрт сөндіру бөліміне барып, ШҚО өртке қарсы қызмет мұражайына экскурсиялар ұйымдастырылды.
Демалыс танымды және қызықты өтті. Балалар жағымды эмоциялар алып қана қоймай, қауіпсіздік мәдениетінің деңгейін арттырды.